• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 21:38:26
Алматы
+35°

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстан президенті Мохаммад Ашраф Ғаниға көңіл айту  жеделхатын жолдады. Бұл туралы akorda.kz хабарлады. 

Жеделхатта Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қабыл университетінде жасалған жантүршігерлік лаңкестік шабуыл салдарынан көптеген азаматтың жазықсыз қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағаны жазылған.

Осындай қаралы сәтте орны толмас қайғыларыңызға ортақтасып, жақындарынан айырылған отбасылар мен барша Ауғанстан халқына қазақстандықтардың және өз атымнан көңіл айтамын, – деп Тоқаев қасіретті оқиғада зардап шеккен адамдардың тез арада сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Бұған дейін Ауғанстан мен Иранның өкілдері Қабыл университетіндегі кітап көрмесін ашып жатқан уақытта терракт болғаны хабарланған. Шабуыл салдарынан 19 адам қайтыс болып, 12 адам жарақат алды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ауғанстан терракт

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір