• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 00:18:36
Алматы
+35°

АҚШ-та наразылық толқыны басталды. Кейбір қалаларда шеру бейбіт жолмен өтіп жатса, кейбір наразылық акциялары полициямен қақтығысқа ұласып жатыр, деп хабарлады РИА Новости ақпарат агенттігі.

Нью-Йоркте полиция Манхэттен көшелерінің бойымен келе жатқан наразылық білдірушілерді біртіндеп ұстай бастады. Белсенділердің талабы АҚШ-та өтіп жатқан президент сайлауындағы барлық дауыстарды есепке алу. Жиналған топтардың арасынан саяси ұрандар естілмейді.

ТАСС агенттігінің мәліметінше, жиналғандар полицияны қорлап, оларды қайтармақ болған. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері кей жас жігіттерді қоршап , оларды жерге жатқызып, қолдарына кісен салған. 

Наразылық шаралары Мичиган штатында да өтіп жатыр. NBC телеарнасының хабарлауынша, Детройттағы "Азаматтық қор" орталығының ғимаратына ондаған адам келіп дауыстарды санауды тоқтатуды талап етуде.

Бұған дейін Дональд Трамптың штабы Мичигандағы дауыстарды санауды тоқтата тұру туралы арызбен сотқа жүгініп, дауыс санауды бақылау қол жетімсіз екенін айтқан. Пенсильвания мен Висконсинде осындай сот ісі қозғалды.

Сондай-ақ Вашингтондағы Ақ үйдің маңында да полициямен қақтығыс туралы хабарламалар бар. "Трамп пен Пенс – кет!" деп ұрандатқан топ Ақ үйден жүз метр қашықтықта жиналған. 

Ақ үй маңында белсенділердің тағы бір тобы жиналды, олардың көпшілігі мұнда бірнеше күннен бері келіп жүрген. Алаңда полиция қызметкерлері кезекшілік етіп жүр.

Вашингтон сквер паркіне 200-ден астам наразы топ жиналды, олардың бір бөлігі президент сайлауындағы барлық дауыстарды есепке алуды талап етуде. Кейбіреулер "Демократиялық партияның" атрибуттары мен президенттікке үміткер Джо Байденнің төсбелгілерін сатып жүр. Ара-тұра кейбір жастар "әр дауысты санаңыз" деп ұрандап қояды.

Сондай-ақ сайлау болған түні Лос-Анджелесте 40-қа жуық адам теміржол жолдарын жапқаныи хабарланды.

Жол қиылысында болғаны үшін шамамен 30 адамға айыппұл салынды. Темір жолдарды жауып, заңсыз жиналыс жарияланған 40-қа жуық адам тарқаудан бас тартқаны үшін ұсталды. Бұған дейін

Естеріңізге сала кетейік, АҚШ-та президент сайлауы өтіп жатыр. Президенттікке республикашыл Дональд Трамп пен демократ Джо Байден үміткер.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір