• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 14:27:16
Алматы
+35°

Жамбыл облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері Салтанат Кордабайқызы коронавирус инфекциясының алдын-алу үшін шектеу шараларын күшейтті.

"Бас мемлекеттік санитар дәрігердің 2020 жылғы 27 қазандағы № 39 "Жамбыл облысының аумағында карантиндік шектеу шаралары туралы" қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілді" делінген хабарламада.

Қаулыға сәйкес:

  • 2020-2021 оқу жылының екінші тоқсанынан бастап: контингенті 300 оқушыға дейін, сыныптардағы балалар саны 15 адамға дейін қалалық және ауылдық мектептерде дәстүрлі форматта оқытуға рұқсат етіледі;
  • ата-аналардың өтініші бойынша сыныптарда 15 баладан аспай, жалпы білім беретін мектептерде 1-5 сыныпқа дейін, халықаралық мектептерде 7 сыныпқа дейін кезекші сыныптарда оқытуға рұқсат беріледі;
  • театрлардың қызметіне рұқсат беруді (залды 50%-ға дейін толтырып, бірақ залда 100 адамнан асырмай, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді, маска режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтау;
  • діни объектілердің (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т.б.) қызметіне рұқсат беріледі. 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір