• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 21:53:46
Алматы
+35°

 

Алматы әкімі Бостандық ауданындағы жұмыс сапары кезінде әлеуметтік маңызы бар нысандарда болды, сонымен қатар қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру барысымен танысты.

Қала әкімі Instagram-дағы өзінің парақшасында мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсететін іске асқан Ten Qogam жобасы туралы айтып берді. Бұл орталықта мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жаңа мамандыққа оқытып немесе кәсіби біліктілігін дамыту арқылы жұмысқа орналасуға көмек көрсетіледі. Жобаны «Шырақ» ҚБ мүгедектігі бар әйелдер қауымдастығы» жүзеге асыруда. Ал «Әуен әлемі» жобасы балалардың музыкалық қабілетін дамытуға бағытталған. Мұнда балалар домбыра, гитара мен шаңқобызда ойнауға тегін үйретіледі.

Қала әкімі дипломнан кейінгі білім берудің халықаралық институтында болды, мұнда мамандар медицина қызметкерлеріне халықаралық стандарт бойынша біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастырған. Мұнда көпсалалы клиника ашылды.

«Tamos Education мектебінің, ұлттық киім мен кәдесый өнімдерін тігетін цехтың даму жоспарымен, аулалар, саябақ, скверлер мен жаяу жүргіншілер аймағын абаттандыру жұмыстарының барысымен таныстым. Бұл жұмыс қала тұрғындарының пікірі мен тілектері ескеріле отырып жүргізілуде», - деп жазды Б. Сағынтаев.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір