Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-та өткен президент сайлауында ең көп дауыс жинаған Джо Байденді жеңісімен құттықтады.
"Джо Байден мырзаны Америка Құрама Штаттарының Президенті болып сайлануымен шын жүректен құттықтаймын. Алдағы уақытта екі ел арасында жемісті ынтымақтастық орнайтынына сенемін" деп жазды Twitter-дегі парақшасында.
АҚШ-тағы 2020 жылғы президент сайлауында демократ Джо Байден 284 дауыспен жеңіске жетті.
My sincere congratulations to Mr Joe Biden @JoeBiden on his election as President of the United States of America. Look forward to having productive cooperation between our two countries in the areas of mutual interest.
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) November 7, 2020
Пікір қалдыру