• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 14:56:17
Алматы
+35°

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев жыл соңына дейін қандай тұрғын-үйлер пайдаланылуға берілетінін хабарлады.

"Тұрғын үй мен әлеуметтік нысандардың құрылысын көріп қайттым. "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша Наурызбай ауданында жалпы ауданы 217 840 шаршы метр болатын 127 көппәтерлі "Алма сити" ТК бой көтеруде. Биыл 100 үй пайдалануға беріледі. Жыл соңына дейін ауданы 27 371 ш.м болатын "Нұрлы дала" ТК-да 8 үй тапсырылады. Алатау ауданында 43 620 ш. м 22 үйден тұратын "Мәдениет" ТК салынуда.

Әуезов ауданындағы Жетісу-2 ықш.-да №117 мектепке жапсарлас 900 орынды қосымша құрылыс салынуда. Наурызбай ауданында да №186 мектептің қасына 513 оқушыға арналған қосымша құрылыс және 120 орынды балабақша бой көтеруде" делінген қала әкімінің instagram-дағы жазбасында.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: баспана тұрғын-үй

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір