10 Қараша, 2020 Саясат
Фото: qamshy.kz
Қарабақтағы соғыс аяқталды. Бұл туралы BBC.com хабарлады.
Армения премьер-министрі Никол Пашинян Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев және Ресей президенті Владимир Путин Таулы Қарабақта әскери әрекеттерді тоқтату туралы келісімге қол қойды. ArmInfo агенттігі жариялаған жолдау мәтініне сәйкес, Ресейдің бітімгершілік күштері аймаққа әкелініп жатыр, ал Армения "Агдам облысы мен Әзербайжан Республикасының Газах аймағында армян тарапы ұстап отырған аумақтарды 20 қарашаға дейін Әзербайжанға қайтаруға міндетті.
– Бүгін, 9 қарашада Әзербайжан Республикасының Президенті, Армения Республикасының Премьер-Министрі Пашинян және Ресей Федерациясының Президенті Таулы Қарабақ қақтығысы аймағында толығымен атысты тоқтату және барлық әскери іс-қимылдарды 2020 жылдың 10 қарашасында Мәскеу уақытымен сағат 00:00 бастап тоқтату туралы мәлімдемеге қол қойды, – деді Путин.
Ол Ресей қарулы күштерінің бітімгерлік күштері қазірдің өзінде Қарабаққа кетіп жатқанын айтты.
Осылайша, үш елдің арасында болған келісім бойынша барлық аудандар Әзербайжанға қайтарылып, ал басқыншы әскер сол аумақтан түгел шығарылады. Қайта қақтығыс болмауы үшін Ресей бітімгерлік күштері екі ел арасына қойылатын шекаралық дәлізді 5 жыл күзетеді.
Тағы оқыңыз!
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір