• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 18:00:27
Алматы
+35°

Арменияның Таулы Қарабахқа байланысты капитуляциясынан кейін ел астанасы Ереванның орталығында жаппай наразылық шеруі басталды. Митингшілер келісімшартқа наразылықтарын білдіріп жатыр. Үкімет ғимаратының алдындағы алаңға бірнеше мың адам жиналған. Олар қоршауды бұзып, кешенге кірді.

Шерушілер Таулы Қарабахта болғанын және соғыс қимылдарына қатысқандарын атап өтіп, ұрыс алаңына қайта баруға дайын екенін айтып, талаптарын жеткізді.

Шерушілер "Мой Шаг" депутаттарын оппозициялық күштерге қосылуды және Армения премьер-министрі, Ресей және Әзербайжан президенттері қол қойған Қарабах туралы үшжақты мәлімдеменің күшін жою процесін бастауды талап етті.

– Олар келісімнің күшін жойып, бізге командир берсін, біз бәріміз бірігіп майданға барамыз. Біз Отанымызды қорғауға бардық, бірақ бізді жерімізді беріп жіберу үшін қайтарып жіберді, – деді наразылық білдірушілердің бірі.

Тағы бір шеруші оның барлық достары майданға барып, қару алуға дайын екенін айтты. Олар барлық саяси келіспеушіліктерді ұмытып, бірігіп, соғысты жалғастыруды талап етеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір