• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 06:26:07
Алматы
+35°

Антикор орталығында Алматы қаласының активтерімен республикалық ақпараттық-ағартушылық штаб мүшелерінің кездесу өтті.

Халық арасында парасаттылық мәдениетін қалыптастыру бойынша түсіндіру қызметін жүргізу мақсатында құқық қорғау және мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің республикалық ақпараттық-ағартушылық штабы жұмыс істейді.

Штабтың мақсаты халықпен сындарлы диалог құру, түрлі тәсілдерді қолдана отырып, кең ауқымды ақпараттық-ағартушылық жұмыс жүргізу арқылы парасаттылық қағидаттарын тарату болып табылады.
Еліміздің барлық облыстарында өңірлік ақпараттық-ағартушылық штабтары жұмыс атқаруда.

"Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын орындау аясында жергілікті атқарушы органдардың басшыларымен, аудан әкімдерімен, сондай-ақ Алматы қаласының активтерімен түсіндіру кездесуі өтті.

Түсіндіру жұмыстарын штаб төрағасы Ырза Тұрсынзада мен Агенттіктің парасаттылық департаментінің директоры Ғанижан Асанұлы жүргізді.

Іс-шара барысында Ғанижан Асанұлы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы өзгерістер мен толықтырулар жайлы, сыбайлас жемқорлықты жою мақсатында Агенттіктің алдын алу жұмыстары туралы айтып берді.

"Сыбайлас жемқорлық кісі өлтіруден гөрі ауыр қылмыс болып табылады. Өйткені, кісі өлтіру салдарынан адам қайтыс болады, ал сыбайлас жемқорлықтың салдарынан бүкіл мемлекет түбімен жойылады. Сыбайлас жемқорлық көріністеріне орын жоқ мемлекетті құру, әрқайсымыздың азаматтық ұстанымымыз",- деп штаб жетекшісі Ырза Тұрсынзада өз ойымен бөлісті.

Кездесу барысында қатысушыларға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметі туралы бейнероликтер, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдіктілерді әшкерелеу бойынша жедел бейнетүсірілімдер көрсетілді.

Іс-шара барысында қатысушылар өздерінің ұсыныстары мен жаңа идеяларын, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда оң жұмыс тәжірибесімен алмасты.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Алматы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір