Қазақия – Қазақ мемлекетінің тарихи атауы. Германияның Гумбольдт ғылыми-зерттеу стипендиясының иегері, картограф, қазіргі кезде Гарвард университетінде жұмысын жалғастырып жатқан қазақ тарихшысы Нұрлан Кенжеахмет Facebook парақшасында осылай деп жазды.

"Заманауи атластың атасы Ортелий Авраам (1527-1598) мен Пе́тер Пла́нциустың (1552-1622) Дүние Жүзі картасындағы Қазақия! Дұрыс Еуропалықтар солай атаған, Қазақияның батысында Ноғай Ордасы, шығысында Ташкент, Түркістан, ортағасырлық Қарақытай мемлекеті тұр... Қазақияны "казактар" деп шатасқан ғалымдар да кезігеді, алайда Еуропа деректері картадағы cassack-тарды жауынгер мұсылман қауымы деп сипаттайды. Карта сызылған тұста Қазақ хандығына Хақназар хан билік еткен" деп жазды ғалым.

Айта кетейік, бұған дейін Қамшы тілшісі ғалымның Гарвард университетіне жұмысқа шақырылғанын хабарлаған

Ілмек сөздер: Қазақия

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір