• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 12:46:35
Алматы
+35°

Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрлігі Қарабақтағы қақтығысқа қатысты мәлімдеме жасады.

Министрліктің ресми сайтында жарияланған мәлімдемеде Әзербайжан президентінің, Армения премьер-министрінің және Ресей президентінің Таулы Қарабақ қақтығысы аймағындағы атысты және барлық әскери іс-қимылдарды тоқтату туралы мәлімдемесін жоғары бағалайтыны жазылған.

"Қол жеткізілген уағдаластықтар БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларына сәйкес келеді және Таулы Қарабақ проблемасын реттеу үшін негіз бола алады. Осы келісімге қол жеткізудегі Ресей Федерациясының сындарлы рөлін және оның уағдаластықтарды іс жүзінде іске асыруға бағытталған бітімгершілік күш-жігерін ерекше атап өтеміз" делінген мәлімдемеде.

Сондай-ақ мәтінде әзербайжан мен армян халықтары берік бейбітшілік пен келісім орнату, өңірде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін сенімді іргетас қалауға ұмтылатындарына үміт білдірілген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір