• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 00:51:22
Алматы
+35°

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады. 

Мемлекет басшылары Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылап, екі елдің халықаралық ұйымдар мен интеграциялық бірлестіктер шеңберіндегі өзара ықпалдастығы туралы пікір алмасқан.

Сондай-ақ Таулы Қарабақтағы қалыптасқан жағдайға ерекше назар аударылған.

"Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан мен Арменияның қақтығыс аймағындағы соғысты және барлық әскери қимылдарды тоқтау туралы келісімге келуінде Ресейдің, соның ішінде, Владимир Путиннің араағайындық қызметін жоғары бағалады.

Ресейдің белсенді араласуымен осыған дейінгі ұзақ жылдарға созылған қақтығыстардың бір бітімге келуін қамтамасыз ететін Таулы Қарабақтағы соғысты тоқтату туралы жасалған келісімнің маңызы зор. Мүдделі тараптар Бірлескен мәлімдеменің шарттарын сақтайды деп үміттенемін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Екі елдің Президенттері Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық және одақтастық сипатындағы байланыстарды нақтылады" деп жазылған Ақорда сайтында.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір