• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 05:05:58
Алматы
+12°

Бүгін Армения астанасы Ереванда Арменияның 17 оппозициялық партиясы Қарабақтағы қақтығысты тоқтату туралы келісімге қол қойған премьер-министр Никол Пашинянға қарсы митинг өткізді. Бұл туралы шетел БАҚ беттерінде жарияланды. 

Қарабах қақтығысындағы жеңіліс Арменияда саяси сілкініс тудырды. Ереванда бірнеше күннен бері премьер-министрдің отставкасын талап еткен шерулер басылмай тұр. Бүгін де наразы топ парламенттің жанына және Бостандық алаңына жиналып, "Никол Пашинян – сатқын" деп ұран салған. Олар Әзербайжанмен бейбітшілік келісіміге қол қойған Армения премьер-министрі Никол Пашинянның өз еркімен отставкаға кетуін талап етті.

"Дашнакцутюн" Армения революциялық федерациясы жоғарғы органының өкілі Ишхан Сагателяннің айтуынша, наразы топ Пашинян кетпесе сағат 00:30-да (Астана уақытымен 02:30-да) баспасөз мәслихатын өткізеді. Онда 12 қараша күні кешке дейін "Пашинянның кету мәселесін шешуге тырысады".

Белгілі болғандай, армян оппозициялық "Жарқын Армения" фракциясының жетекшісі Эдмонд Маркуян парламенттің кезектен тыс сессиясын шақыру үшін қажетті қол жиналғанын мәлімдеді.

Ria.ru сайтының хабарлауынша, полиция қызметкерлері наразы топтың аумақтан кетуін талап еткен. 

– Соғыс жағдайы кезінде жиналыстарға тыйым салынады. Полиция митинг өтетін жерден кетуді талап етеді. Ол үшін наразы топқа бес минут уақыт беріледі, – деген полиция қызметкерлері дыбыс күшейткіш арқылы.

Қазіргі уақытта парламенттің кіреберісінде 20 адам, ғимаратқа іргелес аумақта 150-ге жуық адам қалған.

Бұған дейін Армения премьер-министрі Никол Пашинян Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев және Ресей президенті Владимир Путин Таулы Қарабақта әскери әрекеттерді тоқтату туралы келісімге қол қойған еді. Армениядағы оппозиция өкілдері бұл келісімді "біздің тарихтағы ең ұятты парақ"  деп атаған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір