• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 04:20:19
Алматы
+35°

Атырауда спортшы өліміне қатысты тергеу жұмыстары баяу жүріп жатыр. Бұл туралы грэпплинг күресінен әлем чемпионы Есенбек Сиғуатовтың әкесі айтты, деп хабарлады astanatv.kz арнасы.

Оқиға осыдан үш ай бұрын, 9 тамызда 18 жастағы атыраулық спортшы Есенбек Сиғуатов жүрегінен оқ жарақатын алып, оқиға орнында жан тапсырған. Марқұмның әкесі Тоқсанбай Оразғалидың айтуынша, тергеу жұмыстарының баяу жүруі полицейлердің қылмысқа қатысының болуымен түсіндіріледі.

– Тергеу жұмыстары өте баяу және дұрыс, орнымен жасалып жатқан жоқ. Себебі қылмысты ұйымдастырған азаматтар бірінші қамауға алынуы керек. Олар белгісіз себептермен әлі күнге дейін қамалмай жатыр. Қылмысты ұйымдастырған қылмыскерлер жазасын тартып, түрмеде отыруы керек. Күдіктінің біреуі қаруды жасырған. Екіншісі мылтықты атқан. Екеуі де полиция қызметкері болып жұмыс  жасаған, – дейді марқұмның әкесі.

Полиция департаментінің мәліметіше, қазіргі уақытта қылмыстық кодекстің 99-бабы (адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Тиісті шешім іс бойынша сараптама қорытындысы дайын болғаннан кейін қабылданады.

Әлем чемпионының әкесі нағыз қылмыскерді қамауға алып, жазаламайынша, әділдік іздеуді тоқтатпайтынын жеткізді. Енді ол ішкі істер министрлігіне шағым жазбақ.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір