• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 21:36:41
Алматы
+35°

Жапонияның жер министрі твиттерде Трамптың АҚШ сайлауында жеңілгенін мойындамағанын сынады. Дегенмен көп өтпей жазбасын өшіріп тастады. 

Трамп демократ қарсыласы Джо Байденмен келісуден бас тартқаннан кейін, жапон министрі Казуёси Акаба АҚШ-тағы "диктатура" туралы да жазды.

Киодо жаңалықтар агенттігінің хабарлауынша, министр дүйсенбіде өзінің твиттерінде "міндеттегі президент сайлауды алаяқтық деп атап, (президенттіктен) кетпейтінін айтуда... Мұны жалғыз мен көріп отырмын ба, бұл қандай диктатура? Демократия үшін біздің үлгі-өнегеміз қайда кетті?" деп жазған.

Дегенмен, кейінірек жазбасын өшірген. Министр келесі күні баспасөз мәслихатын өткізіп, "дұрыс түсінбей қалуды" қаламағаны үшін өшіргенін мәлімдеген.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Жапония

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір