• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 17:12:26
Алматы
+35°

Карантин шаралары салдарынан бизнесі тұралап қалған кәсіпкерлерге салықтың 2 түрі бірден 3%-ға дейін 2 жылға төмендетілді. Енді корпоративтер үшін 10-20% және жеке табыс салығы бойынша 10% орнына компаниялар мен жеке кәсіпкерлер 3% ғана балама бөлшек салығын төлеуі керек болады.

Сонымен қатар, пандемия салдарынан шығынға ұшыраған компаниялар қосымша құн салығынан және әлеуметтік салықтан босатылады. Бұл өзгерістер ақша айналымының көлеміне қарамастан барлық кәсіпкерлерге ортақ болады.

 

– Пандемия кезінде ерекше зардап шеккен секторларға қолдау үшін шағын және орта бизнеске 2 жылға арнайы салық режимін – бөлшек салық режимін қолдану ұсынылады, оның мөлшері табыстың 3% құрайды. Бұл салық ауыртпалығын азайтып, процедураларды жеңілдетеді, –  деді сенат спикері Мәулен Әшімбаев.

 

Сенат депутаттары бірнеше мәрте шағын және орта бизнеске қолдауды арнайы салық режимдерін құру түрінде де, салықтық әкімшілендіруді жеңілдету тұрғысынан да ұйымдастыру  қажеттілігі туралы талқылады.

– Шағын және орта бизнес қиын кезеңдерді бастан өткеруде, олар пандемияның  ауыртпалығын өз мойнына алып отыр деді сенатор.

Сенат шағын және орта бизнеске қолдау көрсету мақсатында Салық кодексіне өзге де түзетулерді енгізді. Депутаттар шектеулердің салдарынан табысынан айрылған кәсіпкерлердің қайта қалыпқа келуі үшін бірнеше ай қажет болады деген пікірге келді.

Сондықтан сенат депутаттары салық жүктемесін азайтып қана қоймай, бизнеске мемлекет тарапынан басқа да қолдау көрсетуді қажет деп санайды. Ал ең көп шығынға ұшыраған экономикалық секторлардың тізімін үкімет айқындайтын болды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір