• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 15:37:51
Алматы
+35°

Қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахмет бірінші орта салмақтағы WBC International белбеуінің иегері атанды. Бұл туралы Sports.kz. хабарлады.

Қазақстандық боксшы (1-0, 1 КО) Оңтүстік Киркбиде (Ұлыбритания) MTK Global промоутерлік компаниясы ұйымдастырған кәсіпқой бокс кешінде бірінші орта салмақтағы WBC International бос титулы үшін жергілікті боксшы Маклеем Макгоуэнмен (14-0-1, 3 КО) жекпе-жекке шықты.  

Бұл жекпе-жек он раундқа жалғасып, төрешілердің шешіммен Тұрсынбайдың жеңісімен аяқталған (99-89, 99-89, 99-89). Жетінші раундта Т.Құлахмет британдық қарсыласын нокдаунға жіберді. Осылайша, ол өзінің мансабындағы алғашқы титулды жеңіп алды. 

26 жастағы қазақстандық спортшы үшін бұл өзінің кәсіби мансабындағы екінші жеңісі. Ал оның қарсыласы Макгоуэн мансабындағы алғашқы жеңіліс.

Тұрсынбай Құлахмет 2019 жылғы Азия чемпионы және 2019 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері болған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір