• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 04:46:50
Алматы
+35°

Солтүстік Корея орталық жаңалықтар агенттігі Джо Байденді "аяусыз жазалауға лайық" деп хабарлады. The Time-ға сұхбат берген сарапшылардың пікірінше, Пхеньян ядролық зымыран сынақтарын Байденнің ұлықтау рәсімі сәтінде бастауы мүмкін.

Пхеньянның ресми орталық жаңалықтар агенттігі (KCNA) Байденді Солтүстік жоғарғы басшылығының "қадір-қасиетін ластады" деп хабарлады. Солтүстік Корея Байденді "құтырған ит" деп атап, оны "таяқпен өлтіру керектігін" мәлімдеген. 

Мемлекеттік ақпарат агенттігі Байденнің әрекеттері "аяусыз жазалауға" лайық деп қосты.

Сарапшылар АҚШ жаңа президенттің инаугурациясы кезінде Солтүстік Корея батыл қадаммен ядролық сынақтар өткізуі мүмкін екенін ескертті.

Халықаралық қатынастар кеңесінің мүшесі Эванс Ривердің Time.com сайтына берген сұхбатында "Пхеньян инаугурацияға дейін немесе одан көп ұзамай ядролық немесе алыс қашықтықтағы зымыран сынағын өткізуі мүмкін" деді.

 

 

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Солтүстік Корея

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір