• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 04:43:18
+35°

Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңестің отырысы өтті.

– Біздің бүгінгі жиынымыз күрделі кезеңде өтіп отыр. Алпауыт елдер арасындағы бәсекелестік пен текетірес күшейіп барады. Қазақстан экономикасына үлкен салмақ түсуде. Сонымен бірге бұл жаңа экономикалық модель қалыптастыру үшін қажетті реформалар жүргізу мүмкіндігі, – деді Назарбаев.

Тұңғыш президент қорды қайта құру мәселесін талқылау барысында тиімсіз инвестицияларды қысқартып, табысы жоғары инвестицияларға ауыстырудың маңыздылығын атап өтті.

– Біз негізгі мақсаттарды Қордың 2028 жылға дейінгі жаңартылған даму стратегиясында айқындадық. Ең бастысы – таяу мерзімде "Самұрық-Қазына" қорының жұмысын жаңа форматқа көшіріп, жетекші тәуелсіз әл-ауқат қорлары сияқты инвестхолдинге айналдыру. Бізге Қордың портфеліндегі активтерді географиясы мен саласына қарай әртараптандыру керек. Тиімсіз инвестициялардан арылып, оларды барынша табыс әкелетін инвестицияға ауыстыру қажет. Бұл дивидендтердің өсуі есебінен бюджетке түсетін түсімдерді ұлғайтуға мүмкіндік береді, – деді "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңестің төрағасы.

Сонымен қатар Назарбаев дағдарыс жағдайында Үкімет отандық бизнесті қорғау үшін теңдессіз шаралар қабылдағанын атап өтті.

– Төтенше жағдай кезеңінде халық пен бизнесті қолдау, экономикалық тұрақтылықты сақтау үшін дағдарысқа қарсы шаралардың үш бірдей топтамасы қабылданды. Бірақ пандемия бәсеңдер емес. Оның екінші кезеңі болжануда. Мұндай күрделі жағдайда бұған дейін атап өткендей, отандық кәсіпкерлерге қолдау көрсету қажет, – деді Елбасы.

"Самұрық-Қазына" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы А.Есімовтің ақпаратын тыңдай келе, Нұрсұлтан Назарбаев бизнес белсенділіктің күрт төмендеуі жағдайында квазимемлекеттік сектордың мемлекеттік тапсырыстары мен сатып алулары өндірістік кәсіпорындарға және кәсіпкерлерге көмек көрсетудің тиімді шарасына айналғанын атап өтті.

– 2018-2020 жылдар аралығында қордың сатып алуының 93 пайызы, яғни жалпы соммасы бір триллион теңгеден асатын 4200 позиция бәсекелестік ортаға берілді. 23 мыңға жуық кәсіпкерлік субъектілер сатып алуға тікелей қол жеткізді. Осы кезеңде бір көзден сатып алу 60 пайызға азайған. Нәтижесінде 400 миллиард теңгеден астам қаржы үнемделді. Осы жұмысты жалғастыру керек, – деді қорды басқару жөніндегі кеңестің төрағасы.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір