• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 20:14:12
Алматы
+35°
Белгілі журналист Ермұрат Бапи Шоқан Уәлиханов алаңында өтетін митингке бара жатқанда ұсталды. Бұл туралы журналист Бақытгүл Мәкімбай facebook парақшасында жазды..
 
"Шұғыл! "ДАТ" медиа жобасының жетекшісі, тәуелсіз журналист Ермұрат Бапиды бүгінгі митингіге қатыстырмас үшін, Медеу аудандық полиция департаментіне алып кетті. Дәл қазір әкімшілік сотқа апарып соттамақ болып жатыр. Адвокаттар, қоғам белсенділері қолдау көрсетіңіздер" делінген журналист жазбасында.
 
Бүгін сағат 12:00-де Алматыдағы Шоқан Уәлиханов атындағы алаңда Демократиялық партия бастамашыл тобы мен "Басе" youtube арнасы митинг өткізбек. Бейбіт жиын туралы Алматы қаласы әкімдігіне ескертіліп, оған рұхсат берілген.
 
Азаматтық белсенділер "жер сатылмасын", "несие амнистиясы жариялансын", "алда болатын мәжіліс сайлауына байкот жариялау", "саяси тұтқындарды босату" талаптарын қоймақ.
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: митинг Ермұрат Бапи

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір