Бүгін Алматыдағы Шоқан Уәлиханов атындағы алаңда Демократиялық партия бастамашыл тобы мен "Басе" youtube арнасы бейбіт митинг өткізіп жатыр.  Азаматтық белсенділер "жер сатылмасын", "несие амнистиясы жариялансын", "алда болатын парламент сайлауына бойкот жариялау", "саяси тұтқындарды босату" талаптарын қойып жатыр.

Алаңда азаматтық белсенді, журналист Рысбек Сәрсенбай сөз алды.

Бізге арам сайлаудың түкке де керегі жоқ! Біз сайлауға қатысудан ашық түрде бас тартуымыз керек! Сонда да сайлау жүргізілсе, бұрмаланған парламент деп бас тарту керек! Ол заңсыз сайлау деуіміз керек! Сонда күрес қайта жалғасады. Біз жеңіске баратын жолды тазалауымыз керек! Назарбаевтың қисық заңдарын түзеттіруіміз керек!

Ел қазір бірігетін жағдайда емес. Бірі біз секілді сайлауға қарсы байкот жарияласа, енді бірі адасушылықпен сайлауға бару керек деп отыр. Бұл – өмірдің шындығы. Екіге айырылып тұрмыз! – дейді журналист.

"Кредит кешірілсін!" Алматыда бейбіт митинг өтіп жатыр

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір