• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 21:56:56
Алматы
+35°

Фото: Ақтөбе облысы баспасөз қызметі

Облыстағы мектептердің қатары тағы бір замануи білім ошағымен толығып, Темір ауданында Қызылжар орта мектебі пайдалануға берілді.
Жаңадан іске қосылған білім шаңырағының ашылу салтанатына облыс әкімі Оңдасын Оразалин қатысып, тұрғындар қуанышына ортақтасты
Аудан орталығының шетінде кейінгі жылдары жаңа тұрғын үйлерлердің пайда болуымен бірге әлеуметтік нысандарға деген қажеттілік те туындаған болатын. qamshy.kz

Осы білім ұясының қолданысқа берілуі - сонымен қатар облыстағы үш ауысымды мектептердің мәселесін шешуге де септігін тигізді.
Бұл - аудан орталығы Шұбарқұдық кентінде соңғы 30 жылдан бері тұңғыш рет жаңадан бой көтерген білім ордасы. 320 орындық мектептің жанында 60 орындық интернаты бар.
Пайдалануға берілген білім ордасына 1 млрд. теңге жұмсалған, мердігер мекеме - "Спарта и Ко" ЖШС. qamshy.kz
3 қабатты мектеп ғимараты соңғы заманауи үлгідегі кабинеттермен жабдықталған, бейнебақылау орнатылған, интернет желісіне қосылуға мүмкіндігі бар.
Жалпы облыста апатты және үш ауысымды мектептерді қысқарту, оқушы орындарының тапшылығын төмендету бағытында нысаналы жұмыстар жасалуда.
Ағымдағы жылы 5875 орынға арналған 20 мектеп құрылысы жүргізілуде. Аталған мақсатқа 6,4 млрд. теңге бөлінді (жалпы мақсаттағы трансферт – 3,7 млрд. тг., ЖҚЖК -2,1 млрд. тг, ЖБ-0,6 млрд.тг).
Салынып жатқан 20 мектеп 10 үш ауысымды, 5 орын тапшылығы бар, 3 ескі және 1 апатты мектеп мәселесін шешуге мүмкіндік береді.
2020-2021 жаңа оқу жылына 1 («Рауан» тұрғындар массивіндегі №74 мектеп) мектеп пайдалануға берілді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір