• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 15:24:22
Алматы
+35°

Жексенбі күні (15 қарашада) Молдова Республикасында президент сайлауының екінші кезеңі өтті. Сайлауда бұрынғы премьер-министр, Әрекет және ынтымақтастық партиясының басшысы Майа Санду жеңіске жетті. Бұл туралы iz.ru сайты хабарлады. 

Бірінші кезеңде де Санду 36,16% жинап басымдыққа ие болған, бұл кезде республиканың қазіргі президенті Игорь Додон 32,61% дауыс жинады. Кешегі екінші кезеңде ел ішіндегі сайлау учаскелеріндегі хаттамаларды 100% санағаннан кейін Майа Санду 56,28% дауысқа ие болды. Ал Додонға сайлаушылардың 43,72%-ы дауыс берген. 

Орталық сайлау комиссиясының мәліметтері бойынша, Санду Орхей қаласында 70,28% (Додон 29,72%), сондай-ақ Криулени, Страсени, Калараси және Унгени сияқты ірі қалаларда сенімді түрде жеңіске жеткен. Додонға елдің солтүстік бөліктері мен Приднестровье (85%-дан астамы) дауыс берді. Кишиневте Сандуға 59,54%, Додонға 40,46% дауыс берді. 

Өзінің жеңісі туралы пікір білдірген Майа Санду президент ретінде қоғамды біріктіру мен экономиканы қалпына келтіруге күш жұмсау керегін атап өтті.

Майа Санду Джон Кеннеди атындағы Гарвард мемлекеттік басқару институтын бітірген және екі жыл бойы Вашингтондағы Дүниежүзілік банктің атқарушы директорының кеңесшісі болған. Кишиневтің ЕО және НАТО-мен жақындасуын қолдайды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір