• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

17 Сәуір, 03:46:24
Алматы
+35°

16 Қараша, 2020 Барлық аймақтар

Қалжа тойын өткізгендер жауапкершілікке тартылады

Той өтіп жатқанын карантин режимі бұзылмауын қадағалайтын полицейлер анықтаған.  

Фото: ehonews.kz

Бас санитар дәрігердің қаулысына қарамастан Нұр-Сұлтан қаласында Қалжа тойы өткен, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Той өтіп жатқанын карантин режимі бұзылмауын қадағалайтын полицейлер анықтаған.  

Той 13 қарашада "Әсия" кафесінде сағат 15.56-да өткен. Полицейлердің айтуынша, тойға келген 40 адам санитарлық ережені сақтамаған. Тойда егде кісілермен қатар кішкентай балалар да болған.

Тойды ұйымдастырушылар қонақтарды қызметкерлерге арналған есіктен кіргізген.

Елордалық полицейлер бір тәулікте 217 нысанды тексерісіп, 17 кәсіпкердің карантин режимін бұзғанын анықтаған.

Тәртіп бұзғандар жауапкершілікке тартылады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Карантин Той Қалжа

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір