• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 21:23:33
Алматы
+35°

Таулы Қарабақтағы қақтығыстан кейін 150 армян әскерінің денесі Шуша қаласы маңындағы аумақтан шығарылды. Бұл туралы мойындалмаған Таулы Қарабақ республикасының президенті Араик Арутюнян facebook-те хабарлады.

"Біз отанымыздың бір бөлігін және мыңдаған адамның өмірін сақтап қалсақ та, адам және аумақ жағынан үлкен шығынға ұшырадық, оны Шушадан алынған 150 армян әскерінің денесі тағы бір рет дәлелдеді" делінген жазбада.

Арутюнянның айтуынша, тағы жүздеген мәйіт ұрыс алаңында қалған, оларды анықтау қайтыс болғандардың туыстарына қиынға соғып отыр.

"Бұл күндері мен өзім қайтыс болған және хабар-ошарсыз кеткен адамдардың туыстарына көп уақыт бөлемін, олардың қайғы-қасіретіне ортақстасамын" деп жазды Арутюнян.

Сондай-ақ ол өзін Армениядағы ішкі тұрақтылық қаупі мазалайтынын атап өтті.

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір