• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 21:38:24
Алматы
+35°

Белорусь президенті Александр Лукашенко шетел саясаттанушыларына берген сұхбатында Беларусьтегі оқиғалар посткеңестік кеңістіктегі басқа елдер үшін маңызды сабақ болуы керек екенін айтып, Қазақстанды ешқандай жағдайда "еркінсіп кетпеуге" шақырды.

Кездесу барысында ол әлемнің әртүрлі аймақтарындағы оқиғалар тізбегі туралы айтты.

Оның сөзінше, АҚШ барлық жерде президент сайлауына араласып келеді.

– Ол туралы не дейін! Қазақстан ондай жағдайдың біразын басынан өткерген, бірақ БАҚ-та ол басқаша көрініс тапты. Сол кезде әр түрлі бандалар оңтүстікте де, шығыста да соғысқан. Бұл әлі де болады. Сондықтан ешқандай жағдайда еркінсіп кетуге болмайды. Беларусь Қазақстан үшін маңызды сабақ. Себебі Қазақстан мен Ресей Беларусь емес. Бұл үлкен елдер. Егер алдын-ала жұмыс жасамаса, онда бұл "инфекцияны" жеңу қиын болады,– деді Лукашенко.

Лукашенконың айтуынша, Беларусьтегі наразылықтарға ешқандай себеп болған жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, 9 тамызда Беларусьтегі президент сайлауынан кейін азаматтардың жаппай наразылық акциялары басталған. Сайлауда Лукашенко алтыншы рет жеңіске жеткен еді. Оппозиция өкілдері кандидат "Светлана Тихановская жеңді" деп санайды және жаңа сайлау тағайындауды талап етеді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: баларусь қазақстан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір