• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 14:42:46
Алматы
+35°

"Ауыл" халықтық демократиялық патриоттар партиясы төрағасының бірінші орынбасары Төлеутай Рақымбеков өз жақтастарының жер мәселесіне қатысты ұстанымын жария етті.

«Біздің бұл мәселе бойынша көзқарасымыз тұрақты. Оны айтып та жүрміз. қазақстанның жері шетелдіктерге және азаматтығы жоқ тұлғаларға сатылмауы және жалға берілмеуі керек! Осы «Ел аманаты» сауалнамасы басталған кезде Орталық коммуникациялық қызметіне келіп, айтқаным бар еді: Жердің өзі бізге ата-бабамыздан аманат ретінде қалған. Жерді Анаға теңеп жатамыз. Ал сол жерді сатқан - Ананы саудаланғанмен бірдей. Сондықтан жерді сатуға, жалға беруге қарсымыз», - деді Төлеутай Рақымбеков ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

«Ауыл» ХДПП төрағасының бірінші орынбасары «жер сатылмасын» деген бап заңды актілерге енгізілуі керектігін мәлім етті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір