• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Мамыр, 13:53:09
Алматы
+35°

Джо Байден Трампқа биліктің ауысуы туралы ескерту жасап, "көптеген адамдар өлуі мүмкін" екенін айтты.

Джо Байден егер Дональд Трамп биліктің бейбіт жолмен берілуінен бас тартса, "көп адам өлуі мүмкін" деп ескертті.

АҚШ-тың сайланған президенті сонымен бірге Трамп әкімшілігін коронавирус вакцинациясына қатысты жоспарларын өз командасымен бөлісуге шақырды.

Трамп сайлаудағы Байденнің жеңісінен бас тарту арқылы ресми өтпелі процесті кешіктіріп жатыр.

– Біз әкімшіліктің тарату жоспарына қаншалықты тезірек қол жеткізе алсақ, соғұрлым бұл ауысу тезірек алға жылжиды. Егер біз өзара сәйкеспесек, көптеген адамдар өлуі мүмкін, – деді Байдан.

300 миллионнан астам америкалықты қалай вакцинамен қамтамасыз ету тақырыбын көтерген Байдан "Ойын жоспары қандай? Мұны аяқтау және мұқтаж жандарға басымдық беру және осы проблеманы шешу өте үлкен міндет" деді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Джо Байдан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір