• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 13:34:18
Алматы
+35°

Премьер-министр Асқар Мамин президент зейнетақы мен жәрдемақыларды тағайындау және төлеуге қатысты процестерді толығымен цифрландыруды тапсырғанын атап өтті. Бұл туралы ол үкімет отырысында мәлімдеді.

– Осы жылдың соңына дейін әлеуметтік және еңбек саласында электрондық форматта көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көрсеткіші 90 пайызға жеткізіледі. Денсаулық сақтау министрлігіне азаматтарға қажетті электрондық медициналық мәліметтерді беруді қамтамасыз етуді тапсырамын. Еңбек министрлігі мемлекеттік органдармен бірлесіп, зейнетақы мен жәрдемақыларды тағайындау және төлеу процестерін цифрландыру үшін қажетті деректерді толық цифрландыру мен жаңартуды қамтамасыз етуі керек, – деді Асқар Мамин.

Сондай-ақ үкімет басшысы 2021 жылы "қағаз" анықтамаларды толығымен жою қажеттігіне тоқталды.

– Смартфон қолданушылар саны өсуде, осы ретте мемлекеттік қызметтер мен сервистерді мобильдік платформада көрсету қажеттілігі артып отыр. Ең қажетті әлеуметтік маңызды мемлекеттік қызметтерді мобильдік форматқа көшіру жұмысын жандандыру қажет. Цифрлық даму министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, барлық әлеуметтік маңызды мемлекеттік қызметтерді eGov мобайлға ауыстыру бойынша жоспарды бекітуді тапсырамын. Жалпы 2021 жылы "қағаз" анықтамалардың қажеттілігін толығымен жоюымыз керек. "Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясынан қызметтерді жеткізуді және барлық онлайн қызметтер мен сервистердің 100 пайыз қолжетімділігін қамтамасыз етуіміз қажет, – деді ол.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір