• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 03:45:37
Алматы
+12°

"Мемлекет балаларға "жәрдемақы" деп қайыр-садақа бермей, "Ана мен бала" капиталы қорын құрсын". Танымал тележүргізуші Сәуле Әбілдаханқызы өзінің Facebook парақшасында осындай бастама көтерді.

Екі жыл бұрын үкімет көпбалалы аналарға АӘК тағайындағанда, "бұл көмектен бас тартыңыздар!.. Жәрдемақы емес, әрбір балаға кәмелеттік жасқа дейін жеке капитал шотын ашсын!.." деп едім... Бірақ Сіздер "АСП" деп, өздеріңіздің кім екендеріңізді, балаларыңызға рух беретін, намысты ұрпақ өсіретін ана ретінде өз рольдеріңізді ұмыттыңыздар, – деп бастады журналист жазбасын. 

Аналарды АӘК пен АСП-дан бас тартуға шақырған журналист мемлекеттің балаларға "жәрдемақы" бергенінен бұрын, "Ана мен бала" капиталы қорын құрғаны маңызды екенін атап өтті. Әр балаға өзіне ғана тиесілі жеке шот ашуы керек екенін және ол ақша тек баланың қажетіне ғана жұмсалуы керектігін атап өтті. Себебі мектептен оқушыға берілетін киім-кешектерді алуға балалардың намыстанатынын, достарының алдында ұялатынын мысалға келтірді. 

Жиен сіңілім – көпбалалы ана. Үш баласы мектеп жасында. 7-сыныптағы қызына мектепте киім-кешек берген екен. "Апай, біз кедей емеспіз, керек емес" деп алмай қойыпты. Анасына "мама, достарымның көзінше қайыршыға ұқсап солар берген киімді алам ба, позор ғой!.. Керек емес, сіз де алмаңыз" деп, намыстан жарылып кетердей булығып тұр дейді... Үкімет кейінгі ұрпақты арлы, намысты, ұятты ғып өсірудің жолдарын емес, осындай әртүрлі деңгейде, итке сүйек лақтырғандай ғып қайыр-садақа тарату арқылы балалардың рухын өлтіріп, намыссыздық, алақан жайғыштық психологиясын қалыптастырып отыр, – деп жазды С.Әбілдаханқызы. 

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Сәуле Әбілдаханқызы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір