• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 13:47:17
Алматы
+35°

Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметіне Ерғали Білісбеков тағайындалды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
 
Ерғали Дәулетбекұлы 1961 жылы туған, білімі жоғары, мамандығы бойынша мәдени-ағарту жұмысының жетекшісі, экономист, құрылыс маманы.
 
Еңбек жолын 1978 жылы Шымкент қаласындағы «Казгалантерейторг» базасында  жұмысшы болып бастаған. 
 
1983-1984 жылдары – Шымкент қаласындағы ОКТУ-38 оқу орнында педагог-тәрбиеші. 
1984-1988 жылдары – Шымкент қалалық педагогикалық мәдениет институтының комсомол комитетінің хатшысы. 
1988-1990 жылдары – Шымкент қалалық педагогикалық мәдениет институтының кафедра меңгерушісінің орынбасары – аға лаборант.
 
1990-2008 жылдар аралығында Шымкент қаласындағы бірқатар кәсіпорындарда басшылық еткен. 
2008-2011 жылдары – Шымкент қаласы әкімінің орынбасары.
2011-2012 жылдары – Астана қаласында ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің ұйымдастыру-жұмыстары және аумақтық даму бөлімінің бас инспекторы. 
2012-2014 жылдары – Астана қаласында ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің аймақтық даму бөлімінің бас инспекторы.  
2014-2017 жылдары – ҚР тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы.
2017-2018 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы.
2018 жылдан осы уақытқа дейін Түркістан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы  қызметін атқарып келген. 
 
Қала әкімі Мұрат Әйтенов экс-орынбасары Бауыржан Мамыталиевке осы күнге дейін атқарған қызметіне алғыс айтып, сәттілік тіледі. 
 
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Шымкент қала әкім

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір