• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 09:35:45
Алматы
+35°

Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлауда партиялар емес қазақ тілі жеңіске жетуге тиіс. Бұл туралы "Қазақ әдебиеті" газетінің бас редакторы Дәурен Қуат айтты, деп хабарлады ҚазАқпарат.

– Әлемде бізден басқа елде мемлекеттік тіл немесе тіл туралы мәселе жоқ. 175 елде ресми тіл мойындалады екен. "Ресми тіл" деп жергілікті тіл айтылады. Ал табиғаты, тарихы бойынша орыс тілі – ресми тіл емес. Басқа елдер өзінің құрамындағы елдердің тілдері жойылып кетпес үшін қамқорлық жасайды. Соларға заңмен көмек көрсетеді. Ал біз әлі күнде өзіміздің тілімізді осындай ресми жиындарда мойындата алмай келеміз. Тіпті, өзгеге емес өзімізге өзіміз мойындата алмай отырмыз. Мұны тоқтату керек, – деді ол "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясының кезектен тыс XVIII съезінде.

Сонымен қатар ол алдағы мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлауда қазақ тілі жеңіске жетуге тиістігін баса айтты.

– Сайлауға барлық партия атсалысып жатыр. Бәрі жеңіске жеткісі келеді. Меніңше, бұл сайлауда қазақ тілі жеңіске жетуі керек. Заң шығарушы органға қазақ тілі баруға тиіс,  – деді Дәурен Қуат.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір