• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 07:40:10
Алматы
+35°

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваны қабылдады. Бұл туралы аkorda.kz сайты хабарлады. 

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ақпараттандыру стратегиясын іске асыру және мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауы аясында берілген тапсырмалардың орындалу барысы жайында баяндалды.

"Сонымен қатар министр азаматтық қоғамды дамыту мәселелеріне тоқталып, аталған бағыт бойынша алға қойылған міндеттерді орындаудың нақты жоспарлары туралы мәлімет берді. Кездесу соңында президент қолға алынған жұмыстарды жалғастыра беруді атап өтіп, министрлікке бірқатар міндет пен тапсырма жүктеді" делінген Ақорда сайтында.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Тоқаев

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір