• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 06:12:38
Алматы
+35°

Дональд Трамп АҚШ президенті болған соңғы күндерінде Иранның ядролық алаңдарына қарсы "өлім соққысының" әскери нұсқаларын қарастыруда. Трамптың ниетін АҚШ-тың төрт шенеунігі "The New York Times" газетіне жария етті.

Трамп төрт жұлдызды генералдармен және Майк Помпеомен Тегеранның ядролық державаға айналу амбициясын тоқтататын қадам жасау туралы кеңескен. Ақ үйден кетіп жатқан әкімшілік Иранның аймақтағы одақтастарына қарсы әскери соққылар жасау туралы да ойластырғаны хабарланды. Алайда Трампқа кеңесшілері мұндай қадам Таяу Шығыста кең қақтығыс тудыруы мүмкіндігін ескерткен.

Трамптың ниетін АҚШ-тың төрт шенеунігі "The New York Times" газетіне жария етті. АҚШ президенті Иранға қарсы қатаң санкциялары Тегеранды келіссөз үстеліне қайта оралта алмағанына ашуланған деп хабарланды.

Трамп Иранның суррогат күштеріне соққы беру жоспарларын жасаған. Қаңтар айына дейін Трамптың әскери мақсатқа қол жеткізгісі келетіні хабарланған. Бұл жаңалық ядролық бақылаушылар Трампқа "Тегаранның ядролық материалдар қоры көбейді" деп мәлімдегеннен кейін пайда болды. Сәрсенбіде Иран БҰҰ инспекторларының ядролық алаңға кіруіне тыйым салғаннан кейін қосымша жаңалықтар пайда болды.

Нью-Йорк Таймс ядролық белсенділіктің дәлелдерін көрсеткен. Халықаралық атом энергиясы агенттігі МАГАТЭ сәрсенбіде Натанц ядролық мекемесінде уран қоры ядролық келісіммен рұқсат етілгеннен 12 есе көп болғанын мәлімдеді.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Трамп Иран

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір