• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 07:01:51
Алматы
+35°

Tesla мен SpaceX компаниясының бас атқарушы директоры Илон Маск "Тақтар ойынының" актрисасы Майзи Уильямстің инвестициялық кеңес сұраған твитіне жауап беріп, биткойнды "аруақ ақша" деді.

Соңғы апталарда биткоин құны 17,400 долларға дейін көтерілді, ал жыл басында 5000 долларға дейін төмендеді. Бұл 2017 жылы қол жеткізген рекордтық құнынан 3000 доллар кем.

Дүйсенбіде Уильямс ханым Твиттерде "Биткоинмен айналыса берейін бе?" деген сауалнама жариялаған.

Сауалнамаға 900 мыңнан астам адам қатысып, 53 пайызы "жоқ", 47 пайызы "иә" деп дауыс берді.

Жауап бергендердің арасында осы аптаның басында әлемдегі үшінші бай адам болған Маск да болды.

Маск биткойнды елес ақша деп, "The Onion" басылымының 2017 жылы сатиралық мақаласындағы биткойнды "аруақ ақша" дегенін мысалға келтірді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Маск

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір