19 Қараша, 2020 Барлық аймақтар

Facebook-те дау: Қызметкерлер компанияның былығын ашты

Ашық хат Facebook басшысы Марк Зукербергке, бас маман Шерил Сэндберг пен басқа да компания басшыларына бағытталған.

Фото: focus.ua

Әлем бойыша 200-ден аса Facebook жұмысшысы кеңседе жұмыс істеуге мәжбүр. Facebook басшылығы коронавирус өршіп тұрған уақытта жұмысшыларын кеңсеге қайтып оралуын талап еткен. Қызметкерлер бұған наразылықтарын білдіріп ашық хат жазды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме жасап.

Қызметкерлер қашықтан жұмыс істеуге рұқсат беріп, пандемияға байланысты жалақыларын көбейтуді сұрап отыр.

Facebook жұмысшылардың көбі үйден жұмыс істеп жатқанын айтады.

– Әлемдік контентті бақылаушы 15,000 адам үйден жұмыс істейді және пандемия аяқталғанша қашықтан жұмыс істей бермек, – дейді компания басшылығы.

Компания қызметкерлері бұл ақпаратты жоққа шығарды. Facebook жұмысшыларына 2021 жылдың жазына дейін үйден жұмыс істеуге рұқсат еткеніне қарамастан кеңседе жұмыс істеуге мәжбүрлеп отырғанын айтады.

Ашық хатта заң бұзатын жазбаларды анықтайтын жасанды интеллект жұмысында кінәрат шыққаннан кейін жұмысшыларды кеңседе жұмыс істеуге мәжбүрлеп отырғаны жазылған.

“Контент модераторлар үйден жұмыс істегеннен кейін Facebook хэйт пен жалған ақпарат таралмауы үшін біздің денсаулығымыз бен өмірімізді қатерге тігіп кеңсеге оралуға мәжбүр етуде” деп жазады жұмысшылар.

Бұл хат компания ішіндегі келеңсіздіктерден хабар береді. Марк Зукербергтің мақсаты – модераторлардың басын қосып платформағы барлық мәселенің шешімін табу. Жасанды интеллекттің басты міндеті – балағат сөз немесе балаға жасалған зорлық-зомбылық туралы контентті автоматты түрде бұғаттау. Facebook-тің айтуынша, мұндай жазбалардың 95%-ы белгі салынбай тұрып анықталады. Компания ережесіне қайшы келетін жазбаны анықтау оңай. Десе де оны бұғаттауда мәселе туындап отыр. Мәселен, дүйсенбіде Камала Харристің нәсіліне қатысты рассистік жазба жарияланғаны анықталды. Facebоok оны өшіру қажет материал ретінде белгілегенімен бір апта өтесе де өшірілмеген. Бұл жасанды интеллектің жұмысы қажетті деңгейде жұмыс істемейтінін білдіреді.

Facebook басшылары жұмысшылардың кеңседе коронавирус инфекциясын жұқтыртпауы үшін қауіпсіздік шаралары мен  медициналық көмек көрсету мәселесі қарастырылғанын айтады. Медициналық анықтамаса барлар ғана үйден жұмыс істей алады. Қалған жұмысшылар  денсаулығына қауіп төнгеніне қарамастан жұмысқа шығуға қосымша ақы төлеуін және жалдамалы жұмысшыларды штатқа алуды талап етуде.   

Олардың айтуынша, контент модератор жұмысы Facebook-тегі психологиялық тұрғыда ең ауыр жұмыс. Себебі олар зорлық-зомбылық, оның ішінде балаға зорлық көрсету секілді контентпен жұмыс істейді. Пандемия кезінде мұндай жазбалардың саны артқан.

Ашық хат Facebook басшысы Марк Зукербергке, бас маман Шерил Сэндберг пен басқа да компания басшыларына бағытталған. Хат Англияның Foxglove атты заңгерлік компаниясымен ақылдасып жазылған. 170 адам аты-жөнін көрсетпей хатқа қол қойды. Ашық хат Макр Зукербергтің Вашингтон заңгерлері тарапынан қатаң сынға ұшырағаннан кейін бір күн өтпей келген.

Пандемия кезінде Facebook қана емес басқа да үлкен компаниялар жұмыскерлерді кеңседе жұмыс істеуін талап етіп, жұмысшылар тарапынан қатаң сынға ұшырап отыр. Мәселен, Amazon қоймасында жұмысшыларға мүлде жағдай жасалмағаны және қауіпсіздік шаралары қарастырылмағаны туралы шу шықты.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір