Қазақстанда 2021 жылы жастар мен аз қамтылған көпбалалы отбасыларға арналған 12,7 мыңнан астам пәтер салынады. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 94,4 млрд теңге бөлінеді, деп хабарлады сенаттың баспасөз қызметі.

Сенат депутаттары елдің басты қаржы құжатын зерделеп, әлеуметтік жобаларды іске асыруға баса назар аударды.

– Алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджеттегі негізгі басымдық – адамдардың әлеуметтік мәселелерін шешу, 2021 жылғы бюджет шығыстарының 50%-дан астамын әлеуметтік сала шығыстары құрайды, – деді сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.

Баспанамен қамтамасыз етілуге тиіс адамдардың қатарында жұмыс істейтін жастар да бар. 2021 жылы оларға жалпы сомасы 21,6 млрд теңгеге 3 мың пәтер салу жоспарланып отыр.

Алдағы жылы әлеуметтік әлсіз санаттағы қазақстандықтар өз баспанасына ие болады, оларға 4,7 мың пәтер салынады, ол үшін бюджеттен 32,8 млрд теңге бөлінбек.

"Нұрлы жер" бағдарламасына жалпы алғанда 2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджетте 595 млрд теңге қарастырылған.

Ілмек сөздер: баспана

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір