• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 08:41:11
Алматы
+35°

Шетелдік басылымдар "Путин коронавирус жұқтырған болуы мүмкін" деп хабарлады. Оған себеп Ресей президенті онлайн конференция кезінде бірнеше рет қатты жөтеліп, сөзін жалғастыруға қиналған.

"Бір қызығы, Ресей президентінің кеңсесі артынан жариялаған видеода Путиннің жөтелі өршімегендей етіп көрсетіліп монтаждалған" деп жазды "worldabcnews.com" басылымы. Ресей президенті аймақтағы "өткір қаржылық проблемалар" туралы ескертіп жатқанда, кенеттен сөйлей алмай қиналған. Жөтел басталған кезде ол қаржы министрі Антон Силуановқа және басқа да жоғары лауазымды адамдарға өтініш білдірді. Путин "Кешіріңіз" деп дауыстап, оң қолын аузына бірнеше рет апарды.

– Кейінірек Кремльдің сайтында жарияланған президент сөздерінің нұсқасында оның жөтелген сәті өңдеген, оның ішінде "кешіріңіз" дегені де бар, – деп хабарлады worldabcnews.com.

Бұл жаңалық Ресейде коронавирустан бір күнде 456 адам өлімі тіркелгені жариялаған кезде пайда болды.

ТАСС мемлекеттік ақпарат агенттігі Кремльден Путиннің денсаулығы туралы сұраған және сауалға оның жағдайы "мүлдем қалыпты" деп жауап берілген.

"Президент кешірім сұрады және кездесуді кідіртпей жалғастырды" деп хабарлады ТАСС.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Путин

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір