• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 06:04:24
Алматы
+35°

Мемлекет басшысы "География және су қауіпсіздігі институты" АҚ басқарма төрағасы Ахметқал Медеуді қабылдады. Бұл туралы akorda.kz хабарлады. 

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ғылыми орталықтың негізгі бағыттары мен оны дамытудың басымдықтары жайында баяндалды.

Ахметқал Медеу президентке институттың су қауіпсіздігін, табиғи қатерлерді, экология мен картография бағыттарындағы зерттеу жұмыстары туралы мәлімет берді.

Мемлекет басшысы Арал теңізі, Сырдария және Жайық өзендері, сондай-ақ басқа да бірқатар су қоймаларына қатысты проблемаларды шешу жолында су қауіпсіздігін зерттеу мәселесінің маңызды екенін айтты.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Тоқаев

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір