Фото: ШҚО ақпарат орталығы

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясы барысында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов шекара маңындағы аудандарды дамыту туралы айтты.

Облыс орталығынан шамамен 400 шақырымдай қашықтықта Қытай Халық Республикасымен шекаралас орналасқан бес ауданның даму қарқыны баяу. Осы ретте, орталық пен шалғай аймақтардың арасындағы жағдайды теңестіру үшін барлық дамыту жолдары мен проблемалар терең пысықталып, Күршім, Тарбағатай, Катонқарағай, Зайсан, Үржар аудандары халқының өмір сүру сапасын жақсарту бойынша кешенді жоспарлар қабылданды.

– Барлық жоспарланған іс-шараларды шешу үшін қолда бар бюджеттік және бюджеттен тыс ресурстар жұмылдырылды, мемлекеттік қолдау құралдары іске қосылды. Бастапқыда 5 жыл ішінде жоспарларды іске асыруға 209 млрд. теңге бағыттау көзделді. Бүгінде бұл сома «Жұмыспен қамтудың жол картасы» жобалары есебінен 9 млрд теңгеге артып, 218 млрд. Болды. Оның ішінде 44 млрд теңге биылға қарастырылған, – деді Даниал Ахметов.

Кешенді жоспарларға инфрақұрылымды жақсарту, ауыл шаруашылығын, кәсіпкерлікті, білім және денсаулық сақтау салаларын дамыту, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құру шаралары енгізілген.

– Біздің шекаралық аумақтарда орасан зор қорлар мен бәсекелестік артықшылықтар бар. Оны тиімді пайдалану халықтың экономикалық тұрғыдан белсенді бөлігінің шекаралық аудандарға ағылуына септігін тигізеді, – деп түйіндеді өңір басшысы.

ШҚО ақпарат орталығы

Ілмек сөздер: ШҚО

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір