Коронавирус Қытайдан жұмбақ "сары шаң" арқылы Солтүстік Кореяға кіріп жатыр. Бұл туралы BBC, The Sun және Солтүстік Кореялық орталық жаңалықтар агенттігі жазды.

Солтүстік кореяға "сары шаң" арқылы Қытайдан коронавирус кіруі мүмкін екені туралы ескерту жасалды. ВВС-дің мәлімдеуінше, Пхеньянның насихат басылымы болып есептелетін "Родонг Синмун" газеті "Барлық жұмысшылар зиянды вирустардың ену қаупін анық білулері керек" деп жазған.

Елшіліктер де тозаңға қатысты осындай хабарлама алғанын хабарлады. Пхеньяндағы Ресей елшілігінің дерегінше, өздеріне және өзге елшіліктерге шаңды дауылға байланысты осындай ескерту жіберілген.

Хабарламада шетелдік азаматтарды үйде болуға шақырып, терезелерінің жабық екеніне кепілдік беруге үндеген.

Осыған байланысты ел лидері Ким Чен Ын шенеуніктерге коронавирус пандемиясын бақылауда ұстау үшін сергек болуды тапсырды. Шенеуніктер азаматтарға Қытайдан кіретін "сары шаң" коронавирусты елге әкелуі мүмкін деп ескертті.

Корей мемлекеттік орталық жаңалықтар агенттігінің (KCNA) хабарлауынша, Солтүстік Корея билеушісі партияға, әскери және экономикалық сарапшыларға елдің коронавирусқа қалай төтеп беру керек екенін түсіндірген. 

Дегенмен, маусымдық тозаң мен Covid-19 арасында белгілі байланыс бар екені расталмаған.

Алайда Солтүстік Корея бұндай жағдай туралы қауіптенетін жалғыз ел емес. BBC жалған ақпарат тобы Түркіменстанда азаматтарға маска киюді бұйыруға вирус тозаңы себеп болған деп болжайды. 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір