• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 13:32:39
Алматы
+12°

Нұр-Сұлтандағы дәмханада жойқын жарылыс болып, бір адам қаза болды. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға бүгін сағат 12:25 шамасында болған. Өрт кезінде үйде 15 газ баллон бары анықталды. 

"Жарылыс салдарынан ас бөлмесінің төбесі опырылып түскен. Салдарынан 1 адам қаза болды, 33 адам зардап шекті. Олар түрлі дене жарақатын алған. Қазіргі уақытта олардың барлығы жедел жәрдем қызметімен қала ауруханаларына жеткізілді.

20 шаршы метрді шарпыған өрт сағат 12:58-де сөндірілді" деп хабарлады қалалық төтенше жағдайлар департаменті.

Оқиғаға Нұр-Сұлтан қалалық ТЖД, апаттар медицинасы орталығының 34 құтқарушысы және 10 бірлік техника жұмылдырылды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір