• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 14:28:44
Алматы
+35°

Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік бас санитар дәрігері Х. Илюбаев коронавирус инфекциясының алдын алу үшін 2020 жылғы 10 қарашадағы №24 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізді.

"ШҚО COVID-19 коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайды бақылау матрицасына сәйкес "қызыл аймаққа" жатқызылғанын анықтадым" делінген бас санитардың хабарламасында.

Қаулыға сәйкес:

– Қазақстан республикасы ұлттық ұланының "Шығыс" өңірлік қолбасшылығымен, Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті "Ұлттық сараптама орталығы" РМК Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалымен әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген және ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бөлімдерінен запасқа шығарылатын әскерге шақыру бойынша әскери қызметшілерді әскери есепке қою орындарына, тұратын жеріне теміржол және әуе көлігімен жол жүрер алдында COVID-19-ға ПТР әдісімен зертханалық тексеруді қамтамасыз ету".

Халықпен байланыс деңгейі төмен кәсіперлік субъектілер:

– алдын ала жазылу бойынша, келушілер үшін күту бөлмесі /залы жабық болған кезде: автожуу, көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу объектілері;

– жеке қызмет көрсетумен (бір клиентке): ателье, тігін шеберханалары, тұрмыстық техниканы, аяқ киімді, телефондарды, компьютерлерді, сағаттарды, химиялық тазалауды, кір жуу орындарын, фотосалондарды жөндеу оъектілері, тауарларды жеткізумен айналысатын ұйымдар, авто-экпсресс (алып кететін тағамдар);

– ЖҚС (жанармай құю станциялары).

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: ШҚО карантин

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір