• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 19:02:39
Алматы
+35°

Әзербайжан армиясы Қарабақтағы Гүлаблы ауылына барып, уақытында үйді босатып үлгермеген армяндарға көшуге көмектесіп жатыр. Әлеуметтік желілерде буынып-түйініп жатқан армяндардың видеосы тараған. Бұл туралы AZE.az хабарлады. 

AZE.az басылымның хабарлауынша, алғашқы Қарабақ соғысында армян басқыншылары әзербайжандарға жиналуға он сағат қана берген. Содан кейін қашып үлгермеген әзербайжандарды азаптап, өлтіре бастады. Ал мына видеода әзербайжандар кетуге жиналып жатқан армяндарға кедергі келтірмей, қарап тұрғанын көруге болады. Бұл бейне Ходжаланың бейбіт тұрғындарын өлтірген армян сарбаздарына қарағанда, Әзербайжан әскерінің гуманизмін тағы бір рет көрсетті.

Көшіп жатқандардың қайда бет алғаны әзірге белгісіз. Себебі, басылым Армения билігі Қарабақтағы армяндардың қауіпсіздігіне енді жауап бермейтінін жазған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір