• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 18:05:17
Алматы
+12°

YouTube желісінде Әділ Орынбасарұлының  "Ер қанаты – ат" жаңа бағдарламасы жарияланды. Журналист хабардың алғашқы қонағы – парламент мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеуханмен ұлттық код, ұлттық спорт сияқты тақырыптар аясында сұхбаттасқан

Әділ Орынбасарұлы Бекболат Тілеуханнан "Ұлы Отан соғысы кезіндегі Бауыржан Момышұлының батырлығы бәрімізге мәлім. Сондай батырлықты жастардың бойынан қалай оятсақ болады?" деп сұрады. Сонда Б.Тілеухан Бауыржан Момышұлының соғысқа дейін қарапайым есепші не финансист болғанын, ел басына күн туған заманда батырлар шығатынын айтты.

Әр заманның өзіне тән ерекшелігі болады. Ел басына күн туған заманда батырлар шығады. Ғылымға мұқтаж кезде жақсы ғалымдар шығады. Қазір халық сауық-сайранға қызығып кеткенде тамада мен әнші көбейіп кетті. Екінің бірі әнші болып барады. Өйткені заман соны талап етіп отыр. Бірақ ненің қажет, ненің қажет емес екенін біліп алуымыз керек. Біздің күніміз әнші мен боксшыға қарап қалған жоқ. Олар да болсын, десек те бізге жақсы физик, жақсы химик, жақсы дәрігер керек. Қарап отырыңдар, біз кейін мал дәрігеріне зар боламыз. Елбасының айтқандарына мән бермей жатырмыз. Халықтың дамуы үшін не істеуге болады дейсің. Елдің бәрі журналистиканы, сценарий жазуды үйрететін мамандықтарды оқиды. Жақсы, ол да керек. Дегенмен, одан да маңызды нәрсе бар.  Балаларды халыққа пайдалы мамандыққа оқыту керек.  Қазба байлығы мол елміз. Ал соны зерттейтін жақсы геологтар жоқтың қасы. Қазіргі зерттеушілердің көбі 60-тан асып кеткен. 15-20 жылдан кейін олардың орнын кім басады? Сырттан кісі шақыра бастаймыз. Күнің біреуге қарап қалса, сен ел болмайсың, – деп жауап берді Бекболат Тілеухан.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Бекболат Тілеухан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір