23 Қараша, 2020 Барлық аймақтар

Қырғызстанда ел атауын өзгерту ұсынылды

Қадырбек Қошалиев Конституцияға ел атауын "Қырғыз Халық Республикасы" деп жазуды ұсынды.

Фото: ria.ru

"Кыргыз жолу" қоғамының төрағасы Қадырбек Қошалиев Қырғызстан атауын өзгертуді ұсынды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі 24.kg-ге сілтеме жасап.

Бішкекте кезекті конституциялық кеңес өтіп жатыр. Қадырбек Қошалиев Конституцияға ел атауын "Қырғыз Халық Республикасы" деп жазуды ұсынды. 

"Біз алғаш рет Конституцияға ресми түрде халық құрылтайы институтын енгізіп отырмыз. Ешбір елде халық билігі жоқ. Бізде олигархтар билігі орнаған. Халық билігін күшейтетін тетік керек. Кез-келген лауазымды қызмет халық құрылтайында бекітілуі керек. Сол кезде жемқорлықты болдырмаймыз және шенеуніктер іске үлкен жауапкершілікпен қарайды", - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Қырғызстанда Жоғары Кеңестің 80 депутаты Конституцияның жаңа жобасын және референдум өткізу туралы заңды мақұлдады. Референдум 10 қаңтарда өтеді.

Конституция жобасы парламенттің ресми сайтында халық талқысына ұсынылды.

Қырғызстан премьер-министрі Садыр Жапаров Конституцияны өзгерту бастамасын көтерген. Заңды өзгерту депутаттардың мойнына жүктелді. Алайда депутаттардың өкілеттік мерзімі 28 қазанда біткен.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір