24 Қараша, 2020 NEWS
Фото: zakon.kz
Бүгін мәжілістің жалпы отырысында депутаттар сабақтан тыс спорт сабағын жүргізетін мұғалімдерге қосымша ақы төленуді ұсынды.
Кейбір заңнамалық актілерге экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы екінші оқылымда мақұлданды. Заң жобасында мұғалімге қосымша ақы белгілеуді көздейтін түзету енгізілген.
– Сабақтан тыс спорт сабақтарын жүргізгені үшін мұғалімге қосымша ақы белгілеуді көздейтін, сондай-ақ жекелеген нормаларды нақтылайтын және заң жобасының мазмұнын жақсартатын түзетулер енгізілді, – деді экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Сәкен Өтебаев
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір