• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 22:22:23
Алматы
+35°

Бүгін мәжілістің жалпы отырысында кейбір заңнамалық актілерге экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы екінші оқылымда қаралды.

Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Сәкен Өтебаевтың айтуынша, аталған заң жобасы 4 қарашада бірінші оқылымда мақұлданды.

Жобаға төмендегідей өзгеріс пен толықтыру енгізілді:

– бизнес-әріптестер тізілімінде қамтылған кәсіпкерлік субъектілерінің дербес деректерін қорғау;

– зейнетақы төлемі есебінен медициналық көмек алуды оңайлату үшін жеке тұлғаларды жіберу бойынша комиссияны алып тастау;

– зейнетақы төлемін үшінші тұлғалардың талаптарынан қорғауды қамтамасыз ету;

– әлеуетті жекеше әріптестікке қойылатын біліктілік талаптарын арттыру;

– зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін жас шектеулерін төмендету;

– сабақтан тыс спорт сабақтарын жүргізгені үшін мұғалімге қосымша ақы белгілеуді көздейтін секілді заң жобаларына түзетулер енгізілді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: зейнетақы заң жобасы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір