• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 19:32:59
Алматы
+35°

Өткен күндері АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтон мен Тегеран арасындағы шиеленістің артуына байланысты Иранға ескерту ретінде Таяу Шығысқа "B-52" ядролық бомбалаушыларын жіберді. Бұл туралы The Sun газеті хабарлады.

"Джо Байден қаңтар айында президент болып тағайындалмас бұрын Трамп Иранға шабуыл жасау керек пе деген мәселені талқылап жатыр" деп жазды британиялық басылым.

АҚШ Орталық қолбасшылығы ауыр бомбалаушы ұшақтар келгенін растады және ұшақтар "агрессияны тоқтатады және АҚШ серіктестері мен одақтастарын алаңсыздандырады" деп мәлімдеді.

Британиялық газеттің ақпаратына сәйкес, АҚШ әскери-әуе күштеріндегі ең үлкен ұшақ "Стратофортрес" ұшақтарының кем дегенде үшеуі Израильден ұшып өтті.

Осы жылдың қаңтар айында АҚШ әскери күштері Иран генерал-майоры Касем Солейманиниді Ирактағы зымыран соққысы кезінде өлтірген. Осыдан кейін екі ел арасында соғыс басталу қаупі туды.

Шабуылдан бірнеше күн өткен соң Тегеран кек қайтарып, АҚШ әскери күштері орналасқан Ирактың екі базасына баллистикалық зымыран сериясын ұшырды.

"АҚШ-тың президенттігінен кетіп жатқан Трамп Иранға ескерту жасау үшін Таяу Шығысқа "B-52" ядролық бомбалаушы ұшақтарын жіберіп, Хасан Руханидің еліне сес көрсетті" деп жазды The Sun газеті.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Иран АҚШ

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір