ШҚО Күршім ауданында сүт-тауар фермалары қарқынды дамуда. Бұл туралы Күршім ауданының әкімі Дулат Қажанов баспасөз конференциясы барысында мәлімдеді.

Аудан әкімінің айтуынша, Марқакөл ауылдық округінде биыл 100 басқа арналған сүт-тауар фермасының құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар, бүгінгі таңда "Нұралы" шаруа қожалығында 600 басқа арналған сүт-тауар фермасы ашылмақ. Бүгінде қажетті ғимараттың құрылысы толықтай аяқталған.

– Жақын арада, атап айтқанда 2021-2023 жылдар аралығында Абай, Боран, Марқакөл ауылдық округтерінде әрқайсысының жалпы құны 270 млн.теңге болатын 1000 басқа арналған бордақылау алаңдары салынады. Бұдан басқа, 2024 жылға дейін Абай және Сарыөлең ауылдық округтерінде әрқайсысы 100 басқа арналған екі сүт-тауар фермасы пайда болады, – деп атап өтті Дулат Қажанов.

Бұдан басқа, Күршім ауданында мал басын көбейту, сүт қабылдау пункттерін ашу, сүт-тауар фермаларын салу бойынша 27 инвестициялық жоба іске асырылатын болады. Бұл өз кезегінде 105 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік бермек.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: сүт-тауар фермасы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір